Миялы ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді

4 қараша күні Миялы ауылында көше тазалығын сақтау мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында «Жаңа Арна» ЖШС қызметкерлері және ауылдық округтің коммуналдық қызмет өкілдері бірлесіп, Абай Құнанбаев көшесінің жол жиектерін сыпырып, тазарту жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, А.Құттыбаева көшесіндегі сынған ағаш бұталары кесіліп, арнайы техникамен шығарылды. Бұл жұмыстар ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту және көріктендіру мақсатында қолға алынды. Тазалық жұмыстары ауыл тұрғындарының да назарынан тыс қалған жоқ. Көпшілік мұндай шаралардың ауылдың ажарын ашып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. 

Кәмшат Әбіш

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT