Үміткер  шахтаға түсті

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Шығыс Жезқазған кенішіне барды.

Үміткерді "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС "ЖЕЗҚАЗҒАНЦВЕТМЕТ" өндірістік бірлестігінің жұмысшылар ұжымы қарсы алды. Кәсіпорын қызметкерлері Мейрам Қажыкенді  зауыттың асханасымен таныстырып, әр жұмысшы өзімен бірге кезекке алатын құрғақ дәнекер жайлы айтып берді. Анненский кенішінің шахтасына түсер алдында үміткерге күш жинау қажеттілігі туралы айтылды. Еңбеккерлердің айтуынша, бұл қажетті жабдықтарды өзіңізбен бірге алып жүрумен тең келетін, маңызды ереже болып табылады.

Бұдан кейін үміткер медициналық тексеруден өтті. Тек содан  кейін ғана үміткерге каска, шахтер шамы, қолғап, көзілдірік, респиратор, құлақ тығындылары мен өзін-өзі құтқару жабдығы (жер асты апаттары кезінде тыныс алу органдарын қорғауға арналған тыныс алу аппараты) берілді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты өткеннен кейін Мейрам Қажыкен күндізгі ауысым жұмысшыларымен бірге шахтаға түсті. Кандидат су ағызу учаскесінде және тау-кен механизмдерін жөндеу пунктінде болды. Кеніш орнында үміткер шахтерлердің еңбек жағдайларымен танысты. Айта кетерлігі, Анненский шахтасының ең төменгі нүктесі 500 м-ден астам тереңдікте орналасқан. М. Қажыкен өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын кеншілерге теңіз деңгейінен 260 метр төмен тереңдікте түсіндірді. Еңбеккерлерді негізінен әлеуметтік қорғау және зейнеткерлік жасын төмендету мәселелері қызықтырды.

"Мен шахтер жұмысы автоматтандыру процесіне қарамастан ауыр болып қала беретінін білемін. Мемлекет әлеуметтік әріптестік тараптарының бірі бола отырып, барынша қолдау көрсетіп, оның ішінде жәрдемақы мөлшерін ұлғайтуы тиіс", - деді кандидат. "Менің сайлауалды бағдарламамда ұлттық зейнетақы жүйесін жаңғырту жеке тармақ ретінде көрсетілген. Мен әйелдердің зейнетке шығу жасын олардың әл-ауқатын нашарлатпай төмендетуді, ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің ерте зейнетке шығу мәселесін шешуді ұсынамын",-деді М. Қажыкен.

Кәсіпорын ұжымы кандидаттың сайлауалды бағдарламасына оң баға беріп, алдаға саяси додада үміткерге табыс тіледі.

Штабтың баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521