Депутат жобаға мемлекет тарапынан неке, отбасы, ана, әке және баланы қорғау жөніндегі бұлжымас норма сақталғанын атап өтті. Осылайша, елдегі әрбір бала мемлекетпен қорғалады.

Жаңа Конституцияда білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Әрбір бала үшін мектептік және орта арнаулы білімнің міндеттілігіне кепіл беріледі. Ирина Смирнованың айтуынша, бұл бірде-бір баланың білім беру жүйесінен тыс қалмайтынын және осы саладағы мемлекеттік жауапкершіліктің күшейетінін білдіреді.
Сондай-ақ ол Конституция жобасында бекітілген адам құқықтары толық көлемде балаларға да қатысты екенін атап өтті. Жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты жаңа тұжырымдар кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг пен зорлық-зомбылық жағдайларын азайтуға, сондай-ақ қоғамның мұндай әрекеттер үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Бұдан бөлек, депутат мектеп бағдарламасында балаларға өз құқықтарын, оларды қорғау тетіктерін және құқықтық мінез-құлық негіздерін жақсы түсінуге көмектесетін құқықтық курстар мен пәндер пайда болатынына сенім білдірді. Оның пікірінше, құқықтық тақырыптар білім беру үдерісіне кешенді түрде енгізілуі тиіс, сонда әрбір бала заң мен мемлекеттің қорғауында екенін саналы түрде түсінеді.