Міндеттерін орындамағаны үшін айыппұл салынды

Аудандық сотта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669 бабымен азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, азамат Б. кәмелетке толмаған баланы асырап бағу үшін табысының, өзге де кірістерінің төрттен бір мөлшерінде алимент өндіру туралы сот бұйрығы және атқару құжатын ұзақ уақыт бойы орындамаған. Алимент бойынша берешек мөлшері 2 301 000 теңгені құраған.

Сот отырысында Б. кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда жұмысқа кіргенін, жеке сот орындаушыға жұмысқа кіргені жөнінде құжаттарын ұсынғанын, айлық жалақысынан 50 пайыздан ұстауға қарсылығы жоқтығын жеке сот орындаушыға білдіргенін, алдағы уақытта алимент төлеуден қашпайтынын айтып, айыппұл салу түріндегі жазаны қолдануды сұраған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы сот актісін орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 13 255 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT