Өткен жұмада мемлекеттік органдар мен халық арасындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында «Махамбет алыптары» тақырыбында аудан тұрғындары және мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен онлайн түрде диалогтық-сұхбат өткізілді.
Аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қоғамдық келісім кеңесінің» ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты аудандағы жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты аудан аумағында дұрыс іске асыру болып табылады. ZOOM платформасында өткен диалогтық-сұхбатқа қатысқан Атырау облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов «Халық және мемлекет» тақырыбында сөз қозғады. Одан әрі жергілікті атқарушы орган өкілдері денсаулық, білім беру, жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселелері бойынша баяндама жасап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, шараға қатысушы ауданның білім саласының ардагері, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Жайлашев, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ж.Түгелбаев, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ж.Мұғауова, Қоғамдық келісім кеңесінің Махамбет ауданы бойынша сарапшысы Г. Сембаевалар қазақтың салт-дәстүрлері, өнері, тілін, тарихын насихаттау мақсатындағы алдағы іс-жоспарлар мен өткізетін шараларға тоқталып өтті.