Қазақстанның мерекелік күндер тізбесіне «Көрісу» дәстүрі енгізілмек, деп хабарлады Kaztag.kz тілшісі.
«Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын: «3-1. «Көрісу» (Амал) дәстүрі – 14 наурыз», – делінген үкімет қаулысының жобасында.
Түсіндірме жазбада айтылғандай, бұл жоба премьер-министр Асқар Маминнің 2019 жылғы 10 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес әзірленген.
«Жобаны қабылдау қазақ халқының үздік дәстүрлерінің сақталуына, адамдарда мейірімділікті, қайырымдылық пен сыйластықты тәрбиелеуге ықпал етеді», – деп мәлімдеді Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова түсіндірме жазбасында.
Дереккөз:aikyn.kz