Мереке қарсаңында Рашид Алашбаев “Еңбек Даңқы” орденімен марапатталды

«АтырауНефтеМаш» ЖШС қызметкері Алашбаев Рашид Тағанұлы Республика күні қарсаңында III дәрежелі “Еңбек Даңқы” орденімен марапатталды. 

 Рашид Тағанұлы еңбек жолын 1985 жылы Петровский атындағы Гурьев машина жасау зауытында (қазіргі «АтырауНефтеМаш» ЖШС) бастаған. Аспап жасаушы шәкірттен бастап 1-разрядты токарь, кейін 1- санатты маркер қызметіне дейін өскен. 

Ол еңбекқорлығы мен жоғары кәсіби білігінің арқасында өндіріс саласында беделге ие болды. Металл өңдеу және таңбалау технологиясын жетік меңгерген тәжірибелі маман ретінде әріптестері арасында зор құрметке ие. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT