"Мерейлі отбасы" конкурсы

Құрметті аудан тұрғындары! 
Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғандығын хабарлайды. 


"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы ( бұдан әрі-Конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің ( ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. 
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын таныту;
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау;

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі. 
1) Қызметі Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1) Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) Асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін-жершілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірмелері;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмелері (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) Балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) Балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер; 
7)Ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттарының көшірмелері.
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына қатысуға Махамбет аудандық комиссиясына өтінімдер 2023 жылдың 15 мамырынан бастап 2023 жылдың 15 маусымға дейін қағаз немесе электрондық нұсқада аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде хабарланады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT