Жалпы ережелер
«Мемлекеттік тіл және БАҚ»республикалық байқауын
(бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Байқауға қатысу және жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жұмыстарын жандандыру.
Байқау өткізудің міндеттері:
1) мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аудару;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым) және интернет-ресурстарда жарияланған мемлекеттік тілдің өзекті мәселелеріне арналған мақалалар, теле-, радиобағдарламалар арқылы жұртшылықтың санасын жаңғырту;
3) қазақ тіліндегі контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Байқауды ұйымдастыру тәртібі
Байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).
Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитеттің интернет-ресурсына орналастырылады.
Байқауға қатысу үшін Ереженің 9-тармағында көрсетілген екі номинацияның біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген)
1 шілде сағат 24.00-ге дейін мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс:
1) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінім;
2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 шілдеге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым) және интернет-ресурстарда жарияланған мақалалар (2 мақала), теле-, радиобағдарламалар (1 бағдарлама);
3) жарияланған мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары, скриншоттары (мерзімді баспасөз басылымы, интернет-басылым, интернет-ресурстар), теле-, радиобағдарламалардың жазбасы.
Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін Байқауға қатысу үшін ұсынылған өтінім қабылданбайды.
Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
Байқау материалдарын бағалау өлшемшарттары:
1) тақырыпқа сәйкестік;
2) қамтылған ақпараттың өзектілігі, нақтылығы мен шынайылығы;
3) мәселені талдау тереңдігі;
4) материалды жеткізу шеберлігі.
Байқау екі номинациядан тұрады:
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік теле/ радиобағдарлама».
Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау аяқталғаннан кейінгі 3 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады.
Байланыс телефондары: (87172) 74-01-35, 74-09-85.
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық
байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесіне
қосымша
нысан
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық
байқауына қатысуға
өтінім
Тегі, аты, әкесінің аты__________________________________________
———————————————————————————————
Жасы ________________________________________________________
Білімі____________________________________________________
Қызметі__________________________________________________
Мекенжайы______________________________________________
Байланыс телефондары_________________________________________
Мақала, теле-, радиобағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:
1) _____________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
Қосымша ақпарат __________________________________________
Қолы
Күні