«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі

1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын
(бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже)
Байқауға қатысу және жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Байқаудың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді танымал ету және мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.
Байқау өткізудің міндеттері:
1) мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аудару;
2) мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері туралы бұқаралық ақпарат
құралдарында (мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернетбасылым) және интернет-ресурстарда жарияланған мақалалар, телерадиобағдарламаларды жұртшылық арасында ілгерілету;
3) қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру және мемлекеттік тілдің
қолданыс аясын кеңейту.
2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
3. Байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).
4. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және
Комитеттің интернет-ресурсына орналастырылады.
5. Байқауға қатысу үшін Ереженің 9-тармағында көрсетілген екі номинацияның біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген)
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электронды поштасына «Мемлекеттік тіл және БАҚ»
республикалық байқауына» деген белгімен 2026 жылғы
1 шілде сағат 24.00-ге дейін мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс:
1) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған
өтінім;
2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін
бұқаралық ақпарат құралдарында (мерзімді баспасөз басылымы, теле-,
радиоарна, интернет-басылым) және интернет-ресурстарда жарияланған
мақалалар (2 мақала), теле-, радиобағдарламалар (1 бағдарлама);
Управление культуры и развития языков Атырауской области\AАрдақ А. А.
2
3) жарияланған мақалалардың «Word» форматындағы электрондық
нұсқалары, скриншоттары (мерзімді баспасөз басылымы, интернет-басылым,
интернет-ресурстар), теле-, радиобағдарламалардың жазбасы.
6. Ереженің 5-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін Байқауға қатысу
үшін ұсынылған өтінім қабылданбайды.
7. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды және Ереженің
5, 8-тармақатарында көрсетілген талаптарға cәйкес келмейтін жағдайда
қараусыз қалдырылады.
8. Байқау материалдарын бағалау өлшемшарттары:
1) тақырыпқа сәйкестік;
2) қамтылған ақпараттың өзектілігі, нақтылығы мен шынайылығы;
3) мәселені талдау тереңдігі;
4) материалды жеткізу шеберлігі.
9. Байқау екі номинациядан тұрады:
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік теле/ радиобағдарлама».
10. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жүлдегерлерді
анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
11. Қазылар алқасы құрамына кемінде бес адамнан тұратын тіл мен
әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандары, ғалымдар кіреді.
Қазылар алқасының төрағасы ретінде алдыңғы 3 жылда сайланған тұлғалар
тартыла алмайды.
12. Қазылар алқасының мүшелері Байқауға қатысушылардан түскен
материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы Байқаудың екі номинациясы
бойынша жүлдегерлерді анықтайды.
Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда,
төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
13. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған
қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
3. Байқауға қатысу тәртібі
14. Байқауға кәсіби журналистер, телевизия және радио, газет, сайт
ұжымдары, сондай-ақ осы Ереженің талаптарына сәйкес мемлекеттік тілдің
өзекті мәселелері жөнінде мақалалар жариялаған Қазақстан Республикасының
басқа да азаматтары қатыса алады.
15. Байқауға соңғы 3 жылда бірінші орын алған жүлдегерлер
қатыстырылмайды.
16. Байқауға қатысушылардан отандық бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланған мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және
оның қоғамдағы рөлін арттыру жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі
материалдар қабылданады. Материалдар аналитикалық талдаулар,
проблемалар мен олардың шешу жолдарына негізделуі қажет. Материалдарда
Управление культуры и развития языков Атырауской области\AАрдақ А. А.
3
қазақ тілінің қолданысын кеңейтудің және оның қоғамдық қатынастардың
барлық саласында қолданудың тиімді жолдары көрсетілуі тиіс.
17. Үміткерлердің Байқауға ұсынған материалдары олардың кәсіби
біліктіліктерін, мультимедиалық сторителлинг және заманауи медиа
мүмкіндіктерін, қазақ тілін үйретудің заманауи моделін көпшілікке аша алуы
қажет. Материалдарды бағалау барысында авторлардың заманауи
біліктіліктері, оның ішінде дата-журналистік қабілеттері де ескеріледі.
18. Байқауға қатысушы коммуникативтік ресурстарды орынды
қолданып, заманауи медиатехнологияларды дәстүрлі журналистика
құралдарымен кіріктіре отырып, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат
құралдарында насихаттау, сол арқылы қазақ тілінің қызметі, даму жолдары
мен тіл саясатының түрлі қырларын, өзекті мәселелерін сапалы, сенімді және
нәтижелі түрде баяндауы қажет.
19. Байқауға қатысушылардың қазақтілді контентті қарқынды
дамытудың заманауи жолдары мен инновациялық шешімдерін көрсете білуі
ескеріледі. Әлеуметтік ортада, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің нық
орнығып, еркін қолданылуында кездесетін кедергілерді айқындай отырып,
негізгі шешімдер ұсыну шеберліктеріне мән беріледі.
4. Байқау қорытындысы туралы
20. Байқау жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және
жоспарланған жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен
марапатталады.
21. Байқаудың жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау аяқталғаннан
кейінгі 3 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады
және Комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады.
Байланыс телефондары: (87172) 74-01-35, 74-09-85. Управление культуры и развития языков Атырауской области\AАрдақ А. А.
4
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық
байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесіне
қосымша
нысан
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық
байқауына қатысуға
өтінім
Тегі, аты, әкесінің аты___________________________________________
Жасы _________________________________________________________
Білімі_________________________________________________________
Қызметі (міндетті түрде БАҚ атауын, лауазымын көрсету
қажет)________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________
Байланыс телефоны (WhatsApp нөмірі)_______________________________
Электронды пошта _____________________________________________
Мақала, теле-, радиобағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:
1) _____________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
Қосымша ақпарат __________________________________________
Қолы
Күні

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT