Махамбет аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын, Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіруімен қатар «Лудомания» тақырыбы бойынша семинар сабағы өтті.
Сот әкімшісінің басшысы Г.Сағынова өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашадағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемесіне баруына тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізілгенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда ойын бизнесін сапасыз бақылау ғаламтор технологияларының дамуымен бірге барлық жастағы адамдарда лудомания дертінің асқынуына әкеп соғуда. Ойынқұмарлықты уақытында емдемеген жағдайда нәтижерелі өте ауыр болуы мүмкін» деп айтты.
Аудандық сот әкімшісінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр адамның міндеті мен борышы екендігін, заңнаманың орындалуы ұдайы бақылауда екендігін айтты.
Сонымен қатар, еңбек тәртібін сақтау, әдеп нормаларын сақтау, соттарда кері байланысты қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады, сондықтан біз әдепке сай мінез құлықтың үлгісі болуға және Әдеп кодексінің қағидалары мен талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз ‑ деп қорытындылады баяндамашы.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі