«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІ» СТУДЕНТЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Алғаш рет, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында, болашақта өмір жолын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін «Мемлекеттік қызмет мектебі» аясында таланттар пулына іріктелген студеттерне арналған академиялық 40 сағаттық семинар өткізілді.

Семинар интерактивті форматта, пікір алмасу, жоба қорғау, топтық жаттығу,   жағдайды модельдеу тәсілдерін пайдалану арқылы жүргізілді.

Студенттер семинар соңында өзара тоқпа бөліну арқылы «Open air Cinema», «Health’s – Самал поликлиникасы», «Жайық өзенінің экологиясы» тақырыбы аясында жобаларын  қорғады.

Сондай-ақ, ерекше көзге түскен жобалардың бірі - «Health’s – Самал поликлиникасы» болды.

Жобаның негізгі мақсаты - Самал шағын ауданында заманауи халыққа қолайлы емхана ашуға бағытталған.

Өз кезегінде, жобаны сәтті қорғап шыққаны студенттерге  Департамент басшысы Е.Ермаханбетов және Академия филиалының директоры Е.Серікұлы  сертификаттар табыстап, болашақтарына сәттіліктер тіледі. 

Атап өту қажет, «Мемлекеттік қызмет мектебі» аясында таланттар пулына іріктеуге 14 студент қабылданып, бекітілген жоспарға сәйкес
іс-шараларға белсене қатысуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT