МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру.

Бұл ретте, Департамент тиісті жұмыстарды қызмет алушылардың арыз-шағымдары негізінде тексеру арқылы және қашықтықтан бақылау нәтижесімен жүзеге асыруда.

Тұрғындардан жер саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты жолданымдар көптеп түседі.

Мәселен ағымдағы жылдың жылдың басынан бері Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты 93 жолданым түскен, оның ішінде жер саласында көрсетілетін қызметтерге қатысты 63 жолданым тіркелген.

Яғни қызмет алушылардың 68%-ға жуығы жер саласындағы көрсетілетін қызметтерге қатысты шағымданған.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Қазақстан Республикасының Жер кодексінің» 147 бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына және жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына бақылау ұйымдастырып оны жүргізу Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның, орталық уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің функцияларына жатады.

Яғни, ҚР Жер ресурстарын басқару комитеттерінің аумақтық бөлімшелері аталған бағыттар бойынша бақылау жүргізуді жүзеге асырады.

Бұл тұста, Департамент тарапынан арызданушы тұлғалардың жолданымдарын Жер саласын реттеуге құзыры бар органдарға қайта жолдаған тұстарда немесе жолданым иелеріне мамандар мән-жайды түсіндіргеннен кейін, олар арыздарын қайтып алу жағдайлары орын алып жатады.

Осы орайда, жерді реттеу саласындағы құзырлы және мүдделі ұйымдармен түсіндіру жұмыстарын жиірек өткізіп отыру маңызды.

Ал ,егер жолданымда көтерілген мәселелер расталып, Департамент құзіретіне кірген жағдайда, мамандар міндетті түрде қызмет алушылардың құқықтарын қорғап, қалпына келтіру бойынша жұмыс жасайды

Өз кезегінде, жыл басынан бері Департаментпен 19 қызмет алушының құқығы қорғалды.

Оның ішінде 17 қызмет алушының құқықтары жолданым негізінде, ал 2 қызмет алушының құқықтары қашықтықтан бақылау нәтижесінде қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, қызмет алушылар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда Департаментке жазбаша түрде немесе «E-Otinish» платформасы және «Kenes 1414» telegram-бот арқылы жүгіне алады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша департамент басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н. Еркебаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT