Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады өмір сапасы болып табылады.Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1) Көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Бүгінгі таңда Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
- «Сауда-саттық (Конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды
- «Жер усачкесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім еру»
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
6.жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.
Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қиылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.
Округ аумағындағы қалыптастыру процесін автоматтандыру үшін @Egov, KZ ПОРТАЛЫ енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артықшылықтары – олардың қолжетімділігі және бенефициарлардың қолайлылығында. Қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі артықшылығы ретінде мыналарды атап өтуге болады: қызмет алу туралы ақпарат алуға қолжетімділік; мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, қызмет алуға байланысты уақытша шағындарды қысқарту; үйден немесе жұмыс компьютерінен мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуін жақсарту, мақсатында Facebook әлеуметтік желісі парақшасында 2023 жылдың 24ақпан,17 наурыз күндері жарияланды.2023 жылдың 6 ай қорытындысымен округ тұрғындарына 254 брошюра таратылып, жұмыстары жүргізілуде.
Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемелер ғимараттарында орналасқан Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, заңға сәйкес нұсқаулықпен «Электрондық үкімет» порталы арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді, кедергісіз алуда. Округтің өзін-өзі қамту бұрышы арқылы жыл басынан бері барлығы 347 электрондық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 125-ЭЦҚ алу. Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тартылған құжаттар жоқ.
Ақтоғай ауылдық округ әкімі аппараты және округ аумағындағы барлық мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар жазылған стендтер жасалған. Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру. Рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.Аудан әкімі аппараты тарапынан ішкі бақылау шаралары жүргізіліп, аудандық арнайы мониторингтің топ мүшелері зерттеу жұмыстары үнемі жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар жасалып, тұрғындарға қызмет ету үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Округ әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық лқызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.
Дина Еркенова,
Ақтоғай ауылдық округі әкімі аппараты маманы