Жастар – еліміздің басты стратегиялық ресурсы.
Сондықтан қазіргі таңда мемлекеттік қызметте жастардың білікті де, білімді маман болып қалыптасуына үлкен мән берілуде. Жастарды мемлекеттік қызметке тарту – мемлекеттік ұйымдардың көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін маңызды міндеттердің бірі. Кадрлық құрамды жақсарту, мемлекеттік басқару жүйесіне соңғы тәсілдерді енгізу, кәсіби қызметке тың көзқарас, өзгерістерге жоғары мотивация – бұл жас мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін шыңдау арқылы ашылатын мүмкіндіктер. Мемлекеттік қызмет халық пен билік арасындағы көпір ретінде қоғам тарапынан артылатын үлкен сенімді білдіреді. Сенім үдесінен шығу заман талабы. Қазіргі уақытта, мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру және кемшіліксіз қызмет көрсету үрдісін дамыту мақсатында біршама маңызды жобалар іске асып, әр саладағы қатынастарды анықтайтын заңдар қабылдануда.
Осы орайда біз секілді жас мемлекеттік қызметішлерге ашық форматта мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы ақпараттар берілді. Атап айтқанда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары үлгерімін көрсеткен түлектер оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде, жергілікті органдарға жекелеген лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындау қарастырылғандығы және өзгеде жаңашылдықтар қабылданғандығы жөнінде біздерге түсінік берді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметішлерге қойылатын талаптар, конкурстық рәсімдер, сынақ мерзімі, тағылымдама бойынша түсіндірмелер ұсынылды.
С.ҚҰЖЫРБАЕВ
Махамбет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру,
жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы