Мемлекеттік қызметшілер өз таңдауын жасады

Отбасымен келіп дауыс берушілердің қатарында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хәл актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиқызы да бар.

Жолдасы Жеңіс  Қабдоловпен бірге әр  сайлауда дауыс беру азаматтық борышымыз деп санайды.

“Бүгін еліміз үшін тағы бір тарихи күн болмақ. Қазақстанның келешегі, жарқын болашағы осы сайлаудан кейінгі әділ шешімдерге, ел үшін еңбек етем деген депутаттар мен партияларға да тікелей байланысты. Халық пен мемлекет арасында дәнекер болатын оларды халық өзі таңдағаны әділетті болары сөзсіз” дейді Жеңіс Қабдолов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT