Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мемлекет кімдердің қарыздарын өтейтінін баяндады.
Ол Үкімет мемлекет басшысының нақты жарлығына байланысты жұмыс істейтінін айтты.
"Санаттарды айтар болсақ, біріншіден көпбалалы, яғни 4 одан да көп 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар. Базадан осындай отбасылардың кредиті бар-жоғы қаралады. Екінші, асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар, елімізде 600 мыңға жуық осындай отбасылар бар. База бойынша осындай отбасылардың қаншасында кредит бары қаралады. Келесі, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан бала кезден мүгедек балалары бар отбасылар базадан қаралады",- деді Әбдіқалықова.
Журналист бұл санатқа аз қамтылған отбасылар ене ме деп сұрады.
"Аз қамтылған отбасылар заң бойынша атаулы мемлекеттік көмек алып отыр. Бұл көмекті әрбір отбасы мүшесіне шаққанда күнкөріс деңгейінің 70% жетпейтін отбасылар алады. Барлығы базада бар. Жақын уақытта атаулы әлеуметтік көмектің жаңа әдістемесі енгізілді. Осы көмек бойынша 240 мыңға жуық отбасы төлемді алып отыр",- деп сөзін түйіндеді вице-премьер.
Дереккөз:Baq.kz