Президент халық пен елдің игілігі үшін экономикамыздың ілгері, қарқынды дамуына бағытталған бірқатар шешімдер қабылдап, оның ішінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қадағалауды прокуратура органдарына тапсырды.
Мемлекет басшысының талабын сапалы, әрі мінсіз орындау бағытында Бас Прокурормен нақты нұсқаулар беріліп, прокуратура органдары инвесторларға қатысты мемлекеттік органдармен қабылданатын барлық шешімдер мен шектеу шараларының алдын ала заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуде.
Аталған маңызды тапсырманы жүзеге асыру үшін «Теңізшевройл» ЖШС-нің офисында, өңірдегі ірі инвесторлардың қатысуымен кездесу өткізілді.
Шараға «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Кевин Лайон, «NCOC» компаниясының басқарушы директорының орынбасары Е.Мұқай, «GPS Investment», «Бутадиен» және т.б. инвестициялық жобалардың иелері мен уәкілетті органдар қатысты.
Жиын барысында облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Президенттің 04.12.2023 жылғы Жарлығымен Инвестициялық штабтың қызметі қайта қаралғаны және оның ішінде прокуратураның оларды қолдаудағы ерекше орнын атап өтті.
Ендігі кезекте мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері, инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды, яғни сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауды, әкімшілік жауаптылыққа тартуды және сотқа шағым беруді прокурормен келісім алғаннан кейін жүзеге асырылатынын түсіндірді.
Бүгінгі күні облысымызда 5,1 трлн теңгеге 23 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Әрбір жобаға прокуратура қызметкерлері бекітіліп, олардың сапалы әрі кедергісіз аяқталуы қатаң бақылауға алынды.
Кездесуде «Теңізшевройл» басшысы және Атырау өңірінің инвесторлары алғыстарын жеткізіп, нәтижелі жетістіктердің болатынына прокурорларға сенім білдірді.
Біздің Президенттің шешімдерін іске асыру ерекше бақылауда.
Атырау облысының прокуратурасы