Жолдауда ауылдық мектептердің проблемасы орынды көтерілген.
Сарытоғай мектебінің бір кездері тірек мектебі ретінде облысқа тәжірибесі таратылғаны есте. Алақандай ауылда оннан астам ұлт өкілдері тату-тәтті тірлік кешті. Орыс сыныбында оқығандар қазақшаға судай болды. Ал, қазір маман тапшылығынан орыс сыныбы жабылып тынды. Сондықтан өз болашағын ойлайтын мектеп өздеріне қажетті мамандарды өздері бейімдеп, өздері даярлауы керек деп ойлаймын.
Мектеп оқулықтарының да сын көтермейтіні айтылған. Оған келісемін. Ертеректе бесінші сынып оқулығын КСРО халық мұғалімі Қ.Айтқалиев дайындағанын білемін. Ғылымның жілігін шағып отырған профессорлар ауыл мектебінің жай-күйінен хабарсыз десем қателеспеймін.
Сондықтан оқулықты тәжірибесі мол ауыл мұғалімдері жазса, нұр үстіне нұр.
Жолдауды талдаған жиында спорт саласының ардагері А.Андашев, аудандық мәслихат депутаты Н.Ерғалиев өз ойларын ортаға салды.
А.Жуасов,
аудандық ішкі саясат бөлімінің
маманы Сурет:дереккөз