Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, №20 Пушкин атындағы мектеп-лицейінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тараған.
Соған байланысты мектеп-лицейдің кезекші сыныбынан 124 оқушы мен 14 мұғалім, сондай-ақ, 30 қызметкер шұғыл түрде эвакуацияланған.
«1996 жылы туған, психикалық ауытқуы бар ер адам 102 пультіне қоңырау шалып, мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Тексеру кезінде мектепте орнатылған бейнекамералардағы жазбалар толық қаралды. Нәтижесінде қауіпті немесе тыйым салынған зат табылған жоқ»,- деді облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.