Мектеп оқушылары – полиция бөлімінде

ҚР ІІМ-нен келіп түскен нұсқауға сәйкес «профилактика жылы» шеңберінде жасөспірімдерді полицияның жұмысымен кең көлемде таныстырып, кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында “Ашық есік” күні ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларына азаматтарды қабылдау орталығынан бастап әр сала  қызметкерлерінің жұмыс барысы таныстырылды. 

Алдымен қару шебері М.Карешов атыс қарулары мен арнайы құрал-жабдықтарды қолдану тәртібі мен сақтық шаралар туралы түсіндірсе, патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция капитаны Р.Кайрекенов арнайы жабдықталған жол патрульдік автокөліктерімен таныстырды. Бөлім криминалисті, полиция капитаны Б.Сембаев саусақ іздерін алу, оқиға орынында жұмыс жасау, фотосуреттерге түсіру сияқты өз міндеттерімен бөлісті. 

Полицияға, яғни “102” телефон желісіне түскен хабарламалардың қабылдануы, тіркелуі және жасақты жіберу тәртібінен бастап, әкімшілік қамаққа алынған құқық бұзушылардың отыратын камералары, серуендеу, тамақтану орындары көрсетілді. Бөлімдегі тергеуші, анықтаушы, жедел уәкіл, ақпарттық және байланыс тобының инспекторларының атқаратын қызметтері атап өтілді. Әр қызметкер жұмыс барысындағы тәжірибесімен бөлісіп, сұрақ-жауап алмасты. Полиция қызметіне қызығушылық танытқан оқушыларға да кең көлемде ақпарат берілді.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT