1 қаңтардан бастап күшіне енген заң жобалары.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" да заңға қол қойды.
Бұл заңға сәйкес, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жаза күшейтілген. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жыл басынан бері мас жүргізушілердің кесірінен мыңға жуық адам қаза тауып, жарақат алған.
Қоғамда қызу пікірталас тудыратын өзекті мәселелердің бірі – мас күйінде көлік жүргізу жайы. Президент бұл мәселеде жауапкершіліктің күшейтуді тапсырған. Ол заң бұзушыларды түрмеге отырғызып, айыппұл салып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру керек екенін айтты. Өкінішке қарай, жыл сайын мас күйінде көлік жүргізген 30 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Мас жүргізушілердің салдарынан болған апаттан биылғы жылдың өзінде 1000-нан астам азамат жарақат алды немесе қайтыс болды, - дейді Марат Ахметжанов.
Енді мас күйінде осындай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаяды.
Сонымен қатар, егер азамат өз куәлігінен айырылса да мас күйінде көліктің рөліне отырса, онда көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру да осы жерде қарастырылған.
Дереккөз: baq.kz