Махамбет ауданы көлемінде 2020 жылдың 24-28 ақпан күндері аралығында мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өтуде.
Аталған іс-шарада, бөлімнің жеке құрам қызметкерлері арасында тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған іс-шараларды өткізу жөніндегі мамандырылған топ құрылды.
«Мал ұрысы» кең ауқымды іс-шарасы осы салада жасалатын қылмыстардың бетін ашу мен осы бағыттағы жұмыстарды барынша жетілдіру және ұрланған малды жөнелтетін арнайы арналарды анықтау мақсатында жүргізілуде.
Махамбет ауданы аумағына кіретін Атырау-Орал және Атырау-Индер тас жолдары бойында мал немесе ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктердің заңдылығын тексеру мақсатында бекеттер құрылып, жұмыстар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар,мал ұрлығы қылмысымен айналасатын тұлғаларды анықтау мақсатында, аудан бойынша селолық округтерде қырлық далада үнемі рейдтік жұмыстары да жүруде.
Е.Зинелғабитов,
Махамбет ауданы ПБ-нің жедел уәкілі,
полиция аға лейтенанты