Махамбетте бір күнде екі бала суға кетті

Кеше кешкі сағат 17.30 шамасында Жайық өзенінен екі бірдей жасөспірімнің денесі шығарылды.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Саян Меденовтің мәлімдеуінше, Жаңа ауыл елді мекенінің тұсындағы, Северный учаскесі маңында суға шомылуға барған бір топ баланың ішінен 2004,2005 жылы туылған екі бала өзенге батып кеткен. Олардың суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылғаны анықталды.

Оқиға 15.50 шамасында орын алған. Хабар жетісімен іске кіріскен облыстық судан құтқару бөлімшесі мен аудандық балық қорғау инспекциясының құтқарушылары оқиға орын алғаннан кейін бір жарым сағаттан соң 2-3 метр тереңдіктен балалардың денесін тапқан.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT