Бүгін мемлекеттік рәміздер күні. Аудандық тарихи-өлкетану музейі алдында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік Туды салтанатты көтеру рәмізі өтті.
Алдымен ҚР Туын жебіреткен автошеру басталды. Одан әрі Мемлекеттік Туды салтанатты көтеру рәсімі де орындалып, көк Туымыз көкте желбіреді.
Міне, мемлекеттік рәміздер шарасы ҚР Әнұранымен басталды. Аудан әкімі Қайрат Есқабылұлы жұртшылықты мемлекеттік нышандар күнімен құттықтап, әр шаңыраққа шаттық, қуаныш тіледі.
-Құрметті махамбеттіктер! Баршаңызды бүгінгі рәміздер күнімен құттықтаймын. Рәміздер-мемлекеттік нышандардың бірі.
Міне, көк Туымыз желбіреп тұр. Әлемге танымал үлкен іс-шараларда, олимпиадаларда көк Туымыз желбірейді. 1992 жылы ҚР Мемлекеттік рәміздер күні болып, белгіленген еді.
Бүгін әр қазақстандық қуанышқа кенелетін күн. Мемлекеттік рәміздерді сақтау- басты борышымыз әрі міндетіміз. Қашанда мемлекеттік нышандарға құрмет көрсетілуі тиіс. Көк байрағымыз желбіресін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көк Туымыз аспанымызда желбірей берсін! Мереке құтты болсын! –деп аудан басшысы ізгі тілегін жолдады.
Нұрболат Баяхмет Б.Тілеуханның «Елім менің» әнін әуелете шырқады.
А.Қуанышқалиева