Махамбет ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту басталды

Махамбет ауданында «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады.

Оның алғашқысы Бейбарыс ауылында өтіп жатыр.

Бұл жоба аясында қатысушы жеке және отбасылық бюджетті құруды, несие алу ережелері және несиені қайтару процесінде проблемалардың туындау қаупін азайту үшін несие қабілеттілігін анықтауды, қаржы пирамидалары мен алаяқтардың тұзағына қалай туспеу керектігі жөнінде мәлімет алады.

 Аталмыш шара Махамбет ауданына қарасты барлық ауылында өз жалғасын таппақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT