Махамбет ауданында 300 орындық мешіт ашылды

Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айы қарсаңында Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында «Алланың үйі» ашылды. Бұл Атырау облысында ашылып отырған 38-ші мешіт.

Екі дүние бақытына жол көрсететін мұсылмандардың ғибадат үйі Аман Қабдиров есімді азаматтың бастамасымен, халықтың демеушлігімен салынды. Сыйымдылығы 300 орындық болатын, сәні мен сәулеті келіскен мешіттің ауласында асхана мен имамның үйі қатар тұрғызылған. Құрылысы өткен жылдың маусым айында басталып, 10 айдың көлемінде аяқталып, халық игілігіне берілген мешіт Алланың көркем 99 есімінің бірі «Әл-Жәмил» атымен аталды.

b78a7f58-d231-4329-a023-cf01957a5f0d

- Мешіт адамды құлшылыққа, намазға ғана тәрбиелеп қоймайды. Мешітіміз елдің тыныштығына, бірлігіне үлкен үлес жасайтын және адамды жан-жақты дайындап, білімді қылатын орда екенін білеміз. Бүгінгі мешіттің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Алла Тағала мешіттердің ашыла беруіне ықпал етуімізді нәсіп етсін. Иісі мұсылман бауырларымыз айрықша, ерекше маңыздылығын сезініп, үлкен сауапұа батып өтетін Рамазанмен шын жүректен құттықтаймын. Осы қасиетті айдағы сауапты баршамызға алуды нәсіп етсін,- деді облыстың бас имамы Алтынбек қажы Ұтысханұлы.

Жаңа мешіттің имамы қызметіне бұған дейін Атыраудағы ғибадат үйлерінің бірінде найб-имам болып еңбек еткен Қайрат Хайруллин кірісті. Облыстың бас имамы жаңа қызметіне сәттілік тілеп, мешіт үйіне тұратын алғашқы Құранды табыстады. Қазіргі таңда Махамбет ауданында игілік пен ізгілікке ұмтылғандар саны күн санап көбейіп, ай сайын толысып келеді. Қазіргі күні ауданға қарасты Таңдай, Сарайшық және Ақтоғай ауылдарында мешіт құрылыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

abfd523e-1d07-4422-a987-68ffc8599c4a

- Осы мешіттің басы-қасында жүріп, жауапқа сауапқа ие болған азаматтарды, ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтаймын. Бұл ауылда өскелең ұрпақты имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуде жұмыс атқаратын азаматтардың көп екендігін білдіреді. Мешіт қай кезде де ең үлкен сауапты іс саналға. Осы сауапты іске ат салысқан ауыл халқына шынайы ризашылығымды білдіремін,- деді аудан әкімі Р.Жанқылыш.

Ғибадатхананың тұсаукесер лентасын ауыл тұрғыны, ардагер ұстаз Жанахмет Қошпанов пен облыстың бас имамы Алтынбек қажы Ұтысханұлы қиды. Мешіттің табылдырығын аттағандар құран бағыштап, дұға-тілектерін арнады. Кейін жиналғандар мешіттің ауласына жеміс ағаштарын отырғызып, және бір сауапты істі атқарды.

f2c9ad4e-db52-4f9e-b455-855a4371454a

Бұл жерде бұрын мешіт болмаған. Халық мешітке мұқтаж. Күн санап намазға келушілердің артуына байланысты осы мешіттің құрылысын жүргізіп, аяқтап, табыстап отырмыз. Тек жақсы күндерде, осылай мешіттердің ашылуларында, ізгі амалдардың басында жүруге шақырамын,- дейді мешіт салу туралы бастама көтерген Аман Қабдиров.

Атырау облысында мемлекеттік тұрғыда 25 мешітті салуға рұқсат алынған болса, сол жиырма бесінің 6-шысы Талдыкөлде ашылып отыр. Жыл соңына дейін облыста тағы 10 мешіт пайдалануға берілетін болады.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT