Аудан полицейлері іздестіру шаралары барысында 2017 жылы ауданның Алмалы селолық округінде болған ұрлық қылмысын әшкереледі.
Саяжайлардың біріндегі үйдін ішінен "Samsung " планшетін, құлаққап, және 3000 теңге ақшасын алып кеткен ұры жәбірленушіге жалпы құны 37000 теңге көлемінде залал келтірілген.
Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар ма, жоқ па тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Талдау көрсеткендей, Махамбет ауданында былтырғы жылмен салыстырғанда, жалпы ұрлық қылмыстары 62,5% азайған. Оның ішінде пәтер ұрлығы 90% төмендеп отыр.
«Жалпы жыл басынан жедел іздестіру шаралары барысында облыс полицейлері ашылмай тұрған өткен жылдар санатындағы 92 ұрлық қылмыстары ашылды", деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Сурет:дереккөз