Махамбет ауданында 18 сайлау учаскесі жасақталды

Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды.

Бұл маңызды науқанға Махамбет ауданы да тыңғылықты дайындалды. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Шотпақовтың айтуынша, аудан бойынша 18 сайлау учаскесі жасақталған.

Сәйкесінше, 18 сайлау комиссиясы өз жұмыстарын жақсы меңгерген мамандар. Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыс жасайды. Көпшілік орындарға сайлауға шақыру билбордтары ілінді. Заңға сәйкес 1 адам, 1 дауыс құқына ие.

- Жыл сайын елімізде сайлаушылар саны да артып келеді. Бұл халықтың өз болашағына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Әрбір сайлау құқына ие азамат өз таңдауын жасауы тиіс деп санаймын,-  аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы C.Шотпақов.

Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз ортаның барлық жағдайы жасалған. Барлық 18 учаске бірінші қабатта орналасқан. Көп учаске пандустар, тактильді белгілермен жабдықталған. Мүгедектігі бар адамдарды сайлау учаскелеріне тасымалдау үшін инватакси қызмет көрсетеді.

Сайлаудың ашылу салтанаты барлық учаскелерде, оның ішінде аудан орталығындағы №218 сайлау учаскесінде де өз деңгейінде жүргізілді. 1397 сайлаушы тіркелген сайлау учаскесінің төрағасы Ш.Ахметова сайлаушыларды мерекемен құттықтап, сайлауды ашық деп жариялап, сәттілік тіледі. Одан соң еліміздің Гимні шырқалып, алғашқы сайлаушы табалдырықтан аттады. Ауыл тұрғыны, зейнеткер Хасан Жұмағалиев бұл сайлаудан үлкен өзгеріс күтетінін айтты.

– Елдің дамуына серпін береді деген сенім бар. Еліміздің болашағы, жастарымыздың келешегі жарқын болсын, – деді ауыл тұрғыны.

Айта кету керек, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 38-бабының 1-тармағына сәйкес Президент сайлауында дауыс беру сайлау күнінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін өткізіледі. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521