Махамбет ауданы полиция бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Атырау облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен Махамбет ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Жетпіс Амангелдіұлы Халелов тағайындалды.

Бөлімнің жаңа басшысын Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылбек Бүркітұлы Джаумбаев аудандық полиция бөлімнің жеке құрамына таныстырды. 

Айта кетейік, полиция подполковнигі Жетпіс Амангелдіұлы ІІО-дағы еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Жаңа лауазымына дейін Индер ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT