19 қазанда «Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Отырыс аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Қатысушылар Президент жариялаған бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруды бірінші кезектегі мақсат деп атайтын бұрын құрылған саясаттың қисынды жалғасы болғанын атап өтті. Бұған жаңа экономикалық саясат салу, жастарды қолдау,бизнесті, медицина және білім беру салаларын дамыту, сондай –ақ ең төменгі жалақыны ұлғайту, ауыл шаруашылығын дамыту және т.б. кірді.
Сондай-ақ мекеме жұмысшылары бала күтімімен отырған аналарға мемлекеттік қолдау қандай болатынына назар аударды.Енді бала күтімі бойынша төлемдер бір жарым жасқа дейін жүзеге асырылады, бұл отбасылар үшін айтарлықтай қолдау болатынын кеңінен түсіндіріп талқыланды. Өз тілшіміз