МАҚАТ АУДАНЫНДА 4 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Бүгін аудан әкімі Ринат Хисаұлы Мақат ауданының 100 жылдығы қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті бюджет есебінен сатып алынған жаңа тұрғын үйдің кілтін Мақат кентіндегі 4 отбасыға табыс етті.
Шарада аудан әкімі тұрғындардың тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында биылғы жылы ауданымызда тұрғын үйлердің көптеп салынатындығын атап өтіп, тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.
 
Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Сүлейменұлы қоныс иелерін құттықтаса, жаңа қоныс иесі Шамиянова Лена өз ризашылығын білдірді.
Жалпы, баспана кілті кезегі келген көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және 1, 2 топ мүгедектігі бар санатындағы азаматтарға берілді.
 
Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT