Мәселесі көп медицина саласы

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, партияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев пен Мәжіліс және жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Талдықорған қаласының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.

Ақжолдықтар еліміздегі ең ірі аккумулятор зауыты – «Қайнар-АБК» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Кәсіпорында 1200-ден астам адам еңбек етіп, мекеме 40 жылдан астам табысты дамып келеді. Жиын барысында партия басшысы жұмысшыларға партияның саяси бағдарламасын таныстырып, «Ақ жол» жұмысындағы басым бағыттарды атады. Сондай-ақ мұндай салаларға мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері қажет екенін айтты. Қызметкерлер баспананың қолжетімділігі, БЖЗҚ-дағы қаражатты басқару, тұтыну несиелерінің жоғары пайыздық мөлшерлемесі туралы сұрақтар қойды. Зейнеткерлікке шығу жасын төмендету, еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және аса зиянды жұмыскерлердің 1 және 2 тізімдерін қайтару туралы өтініштер айтылды.

Одан кейін «Ақ жол» кандидаттары Талдықор­ған­дағы көпсалалы аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесті. Азат Перуашев нарықтық медициналық сақтандыруға көшу, дәрігерлерге бәсекеге қабілетті еңбекақы төлеу, МӘМС шоттарын жекелендіру, саламатты өмір салтын насихаттау, денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша партияның ұстаны­мын баяндады. Қазыбек Иса «Ақ жол» фракциясы мен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы медициналық мін­детін атқару кезінде COVID-19 инфекциясын жұқ­тырған медицина қызметкерлеріне төлемдерді алып тастауға жол берілмейтіндігі туралы өткір пікірталастары туралы, медицина қызметкерлері­нің құқығы мен мәртебесі туралы заң қабылдау туралы депутаттық сауалдарды тілге тиек етті. Аурухана дәрігерлері мен медбикелері несие пайызының жоғарылығына, баспананың қолжетімсіздігі­не, жедел жәрдем бригадаларының бұзақы­лар әрекетінен қорғалмағандығына шағымданды. Сұрақтарға жауап берген партия өкілдері «Ақ жол» партиясының бастамасымен қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңының қолдану тәртібін түсіндіріп, Ұлттық банкпен несие мөлшерлемелерін төмендетуге қатысты пікірталастары жөнінде айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT