Ұлттық валютаға 30 жыл: банкноталардың жаңа сериясы таныстырылды

Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясы таныстырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстан Ұлттық банкінің банкноталар мен монеталар дизайны басқармасының бас дизайнері Санжар Нұрқасымовтың айтуынша, жаңа банктонттар «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді.

теңге
Фото: ҚР Ұлттық банкі

«Жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноталардың дизайны жалған ақша жасауға жол бермеу және оның алдын алу үшін жетілдірілген қорғаныш қабілетін енгізу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Бұл орайда еліміздің мәдени құндылықтары мен тарихын насихаттау маңызды саналады»,- деді ол.

теңге
Фото: ҚР Ұлттық банкі

Айтуынша, жаңа банкноталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құнына қарай қабылдауға жатады. 

«Ескі және жаңа үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүретін болады»,- деп түсіндірді Санжар Нұрқасымов.

теңге
Фото: ҚР Ұлттық банкі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521