Ұлттық байлықты реттеу жолы

Қазақстан Халық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Ермұхамет Ертісбаев пен партия мүшелері Ирина Смирнова, Асылбек Нұралин Өскемендегі ГЭС пен облыстық полиция департаментіне қарасты емхана ұжымымен кездесті.

Спикерлер партияның сайлауалды бағ­дарламасының басым бағыттарын да түсіндіріп өтті. «Біз кландық-олигархиялық капитализм жүйесіне қарсымыз. Біз социализмді қолдаймыз. Бай азаматтар – бай мемлекет, мықтыларға – жұмыс, мұқтаждарға қамқорлық қажет», деді Е.Ертісбаев.

Кездесу барысында партия төрағасы жер және жер қойнауы халыққа тиесілі болу керек екенін ерекше атап өтті.

 – Біз еліміздің әрбір азаматына ұлттық байлықты қайтару тетігін іске қосуға қол жет­кізуіміз керек. Мәжіліс қоғамдық мүддені біл­діретін барлық оқиғаға парламенттік тергеу жүргізу құқығына ие болуға тиіс. Осылайша, біз халықтың объективті ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеміз. Республикалық бюджеттің атқарылуын тексеру өкілеттігі бар Аудиторлық палата Мәжіліс құрамына кіруге тиіс. Бақылау функциясы сенімді ақпаратты қалпына келтіру үшін қажет. Себебі үкіметтің қазіргі есеп беру тәсілі сырғытпа жауап тәріздес, – деді ол.

Партия төрағасынан соң сөз алған спикерлер ауылдық округ әкімдерін іріктеу критерийлеріне қатысты жергілікті өзін өзі басқару туралы заң­ды өзгертуді талап ететіндерін айтты. Олар­дың пікірінше, барлық деңгейдегі әкімді тіке­лей дауыс беру арқылы халық сайлауы керек. Әкім міндетін дұрыс атқара алмаған жағ­дайда халық оны кері қайтаруға тиіс.

Спикерлер кәсіпорынды заңсыз жеке­шелендіру немесе өзге де құқықтық және са­лықтық заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оның күшін жойып, инвестор мен мемлекеттің міндеттемелерін қайта есептеу қажет екенін алға тартты.

– Монополиялар ресурстарды рәсуалап, өмірдің барлық салаларындағы сыбайлас жемқорлық миллиондаған қарапайым адамның болашағына балта шауып отыр. Ең төменгі жалақы мөлшерін 140 мың теңгеге дейін жеткізу қажет, – дейді Асылбек Нұралин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT