Өткен аптада және ай басынан бергі кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға 0,2%, ал жыл басынан бері 17,4% өсті. Бұл деректі Ұлттық статистика агенттігі жариялады.
«Жылдық мәнде баға 17,7% қымбаттады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңінен 2,2 пайыздық тармаққа жоғары», - Ұлттық статистика агенттігі.
Бір апта ішінде қымбаттағаны:
пияз – 1,5 %-ға;
жұмыртқа, І санат – 1,2 %-ға.
Бір апта ішінде арзандады:
қырыққабат – 6,7%-ға;
картоп – 2,6%-ға;
сәбіз – 0,4%-ға.
ҚР бойынша кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа бағасы:
сары май – 3256 тг/кг;
сиыр еті – 2200 тг/кг;
сүзбе – 1726 тг/кг;
бидай ұны, І сұрып – 220 тг/кг;
қарақұмық жармасы – 501 тг/кг.