Ұлттық қолөнерді дәріптеген бейбарыстық Қуанышқалиевтер  

Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылының тұрғындары Зоя, Зина және Рая Қуанышқалиевалар меринос қойының жүнінен киіз басып, қолөнер бұйымдарын жұртшылыққа ұсынып отыр. Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Ал олардың ағасы Бөлекбай - ағаш шебері. Қуанышқалиевтер отбасына мұндай өнер ата-аналарынан дарыған. Қазір олар мемлекеттен грант алып, ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуға жұмыстанып жүр

.-Бізге қолөнер анамыздан дарыған. Анам текемет басып, терме алаша және киімдер тоқитын. Казіргі кезде үлкен апамыз Зоя біздерге үйретіп, әжелерімізден кейінгі жастарға мирас болып келе жатқан ұлттық құндылығымызды дәріптеп отырады. Сіңлім Рая - тігінші. Перделер тігіп, қолөнермен айналысады. Ал марқұм әкемізден ұлдарға ағаш шеберлігі дарыған. Әкеміз мал шаруашылығымен айналысып жүріп те, ағаштан түрлі бұйымдар жасайтын. Қазір оның осы ісін ағам Бөлекбай жалғастырып жүр, деді Зина Қуанышқалиева.

97349a63-2757-4b06-a7a2-2b6371aa86fa

Қолөнер шеберінің айтуынша қазір киіз бұйымдарына деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Зина Қуанышқалиеваның жолдасы Асылбек Рахметов те ағаш шебері. Екі қызы Айдана мен Аягөз тігін тігу,  қолөнер бұйымдарын жасаумен  айналысады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT