Әлеуметтік сала мен өнеркәсіптегі стартаптар қолдау табады

Премьер-министр Олжас Бектенов отандық IT-компаниялар­дың өкілдерімен Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде білім беру, спорт пен өнеркәсіп саласындағы ЖИ-стартаптарды қолдау мәселесін талқылады.

Отандық  Paradigm Shift (CodiPlay) компаниясының өкіл­дері жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді. AI Kitap  – бұл мектеп пәндері бойынша әр оқушының деңгейіне қарай оқу материалын лайықтауға арналған, прогреске талдау жасайтын әрі білімдегі олқылықтарды анықтайтын  цифрлық оқулық. Оның жұмыс нұсқасы әзірленді, AI Kitap AITU-мен интеграцияланып жатыр.

OlympIQ – спортты дамыту­ға арналған технологиялық платформа. Жүйе аналитикалық, опе­ра­­циялық, медициналық, ұйым­­дас­тырушылық деректерді жа­са­н­ды интеллект арқылы өң­деуге мүм­кіндік береді. Оның жол картасы әзірленді, прототип­тер­дің алғашқы нұсқалары дайындалды.

Премьер-министрге AI Kitap және OlympIQ жобаларын қанатқақты режімде енгізу қа­рас­тырылатын мектептер мен спорт федерацияларының тізбесі жасал­ғаны айтылды.

«Жасанды интеллект технологияларын дамыту – Үкімет­тің басты міндеті. Біз отандық компаниялардың өнімдерін жан-жақты қолдауға дайынбыз», деді О.Бектенов.

Бұған қоса кездесуде компа­ния­ның өндірістік үдерістерді оңтайлан­дыруға, энергетика мен көлік салаларының тиімділі­гін арттыруға, операция­лық шы­ғын­дарды азайтуға, тәуекелдер­ді басқаруға көмектесетін техно­ло­гияларды жасап шығару бас­тамалары қаралды. Оның өнім­деріне маңызды салаларға енгізіл­ген деректерді талдау, болжау мен автоматтандырудың интеллектуалды жүйелері кіреді.

Кездесу қорытындысы бо­йынша уәкілетті органдарға IT-ма­ман­­дардың айтқан ұсыныс­тарын қа­растыру туралы тапсырма берілді. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT