Әлеуметтік қамқорлықтың әлеуеті

«Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Риддер қаласында бірқатар кездесу өткізді. Партиялықтар әуелі ардагерлер және ақсақалдар қауымымен жүздесіп, бағдарламаның әлеуметтік қамқорлыққа қатысты басымдықтары туралы айтты.

– Егде жастағы, зейнет жасына таяған және зейнеттегі азаматтардың еңбегі сұранысқа ие болуы керек. Зейнеткерлер лайықты зейнетақы алуға, жақсы тамақтануға, сапалы және қолжетімді ем алуға, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндігі болуға тиіс. Әр азамат мемлекет қамқорлығын сезінуі қажет, – деді штаб мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов.

Штаб мүшелері қала жастарымен де пікір алмасты. Партиялықтар білім саласының сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру шаралары жалғасатынын жеткізді. Партия білім беру қызметкерлерінің құқықтары жөніндегі уәкіл институтын заңнамалық деңгейде бекітуге күш салмақ. Бұл күні штаб мүшелері «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғын үйлерді аралап, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Аманаттықтардың Риддердегі сапары еңбек ұжымымен кездесуде түйінделіп, партиялықтар «Қазмырышмаш» өндіріс кешенінде сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын сараптады.

Ал Павлодар облысындағы сайлауалды штабына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары Майя Барбара Хюрлиманн мен Тимо Юхани Лайне келді.

Өңірлік штаб басшысы, «Amanat» партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко халықаралық байқаушылардың штаб жұмысы, кандидаттарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған үгіт-насихат іс-шаралары, үгіт-насихат материалдарын тарату жұмысы туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар байқаушылар штабтың орналасқан жерімен, оның мүшелерімен, үгіт-насихат материалдарымен танысты.

Айта кетейік, ЕҚЫҰ миссиясы Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылауға кірісті. Делегация құрамына 11 халықаралық сарапшы, 32 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқаушы кірді. Олар сайлау науқан, оның ішінде әлеуметтік медианы мұқият қадағалайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521