Атырау облысының прокуратурасы үлескерлік құрылысқа қатысатын, оның ішінде жосықсыз құрылыс салушылармен алданған адамдардың құқықтарын белсенді қорғауда.
Қолданылған шаралармен «Жібек Жолы Инвест Групп» ЖШС және «Ақмаржан-Атырау» тұрғын үй құрылыс кооперативінің басшылары әшкереленді, олар 2,3 млрд теңге шығын келтірді, алданған 271 азамат келісілген мерзімде баспанасыз қалған.
Сонымен қатар, кейбір пәтерлер бір уақытта бірнеше адамға сатылған.
22.06.2023 жылы алаяқтар А.Юсупова мен Е.Сардарбеков ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (адамдар тобының аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және 195-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен ірі мүлiктiк залал келтiру) бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Біз қабылдаған шараларға қарамастан, әрбір азамат зейінді болуға және объективті хабардар болу үшін:
- жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгінуге;
- құрылыс салушылардан жер учаскесіне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;
- жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама қорытындылары;
- құрылыстың басталуы туралы хабарламалар;
- үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктің рұқсаты болуы туралы уақтылы анықтау;
- құрылыс процесін бақылау қажет.
Сонымен қатар, тұрғындардың қырағы болу қажеттілігіне, ал алаяқтардың жасаған қылмыстары үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығына назар аударамыз.
Атырау облысының прокуратурасы