Тасқын судың келуінен Миялы-Қарабау-Индер облыстық маңызы бар тас жолының Миялы ауылынан 500 метр жердегі бұзылған жердің айналма жолы жырылып, автокөлік қатынасы толықтай тоқтады. Ойыл бойында орналасқан округ тұрғындары үшін 2 қайықпен тасылмал жүруде.
Ойыл өзені өз арнасынан асып ағуда. Судың қазіргі деңгейі 3,2 м. Тасқын су Миялы ауылының жырылған жеріне келіп құюда. Ойыл бойымен аққан су «Ералы» су торабы арқылы кетуде. «Ералы» су торабы су өткізу межесі 2,5. Аққан судың деңгейі 1,80 м. Қазіргі уақытта Миялы ауылына қауіп жоқ. Жырылған жердегі жиналған су Жарыпшыққан өзені арқылы кетуде. Сонымен қатар қауіп төндірген Сағыз өзені өз арнасымен ағып, су деңгейі түсіп, қауіп сейілді. Негізгі тасқын су түнделетіп келеді деген болжам бар.
Қызылқоға ауданында жедел желі іске қосылды. Тұрғындарға 2-11-99, +7775 487-30-11 Whatsap әлеуметтік желілері арқылы нақты ақпарат таратылып, көмек көрсетіледі. 29 наурыз облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 судан құтқару жасағы, 25 құтқарушы ауданға көмекке келді. Сонымен қатар, 1 трэкол, 1 вахтовка, 1 уаз техникалары мен 3 маторлы қайық жеткізілді.
Аудан бойынша 35 мың қапшық алынып, қазіргі таңда 31 мың қапшық барлық ауылдық округтерге таратылып беріліп, 26 мың қапшық қапталды.
Аудан бойынша жалпы ұзындығы 45,7 км бөгет бар (10 су тасқынынан қорғау 32 км, 11 лимандық 13,7 км).
Оның ішінде 2023 жылы көктемгі су тасқыны кезінде жаңадан 16 км бөгет соғылды (Қарабау 6 км, Тайсойған 3 км, Ойыл 2,5 км, Көздіғара, 1,5 км, Сағыз 3 км). 6,5 км бөгетке қосымша биіктету жұмыстары жүргізілді (Жангелдин 2 км, Аққора 1 км, Тайсойған 3,5 км). 2023 жылы тасқын су салдарынан бүлініп, қайтадан 3 бөгет, 1 өткел қалпына келтірілді. Сағыз ауылдық округінен 3 км бөгет соғылды. 2024 жылы Миялы ауылының 2,7 км бөгеттері қосымша көтерілді.
Одан бөлек тасқын судың қауіптілігіне байланысты аудан бойынша 26 км 350 метр бөгеттерді көтеру жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша 61 арнайы техника жұмыс атқаруда.