Қызылқоға ауданында жаңа Конституция қабылдаудың маңызы талқыланды

Жастар ресурстық орталығының директоры, Қызылқоға аудандық мәслихат депутаты Ризабек Амантай жастармен кездесу өткізіп, «Реформалардың мәні – азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін арттыру» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты.

Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың негізгі бағыттары мен олардың азаматтардың қоғам өміріне белсенді қатысуына тигізер ықпалы сөз болды. Мемлекеттік шешім қабылдау процесіне халықтың, әсіресе жастардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Іс-шара аясында жастар қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныстарын ұсынды. Мұндай ашық диалог алаңдары жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, әлеуметтік жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

Ризабек Амантай жастармен жүйелі түрде кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да олардың бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT