Қызылқоға ауданында 1200-ге жуық тұрғын эвакуацияланған

Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша,
тасқын судан аудан тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру бағытында 31 наурыздан бастап тегін автобус ұйымдастырылып, 296 тұрғын (31.04. 2024 жыл 78, 71, 98, 49) Атырау қаласына жіберіліп, 50-ден астам тұрғын өз еркімен қалаға кетті. 

"Төтенше жағдайға сәйкес, Миялыдағы 3  эвакуациялық пункттерге 654 тұрғын, Көздіғарада 67 қауіпсіз аумаққа шығарылып, Тайсойғанда 139 тұрғын Атырау қаласы мен Миялы ауылдарындағы туыстарының үйіне көшірілді. 

Миялы ауылындағы қауіптің сейілуіне байланысты қазір эвакуациялық пунктте  тұрғындар жоқ" делінген мәліметте. 

Қазіргі уақытта құтқарушылар
 мекеме қызметкерлері мен еріктелердің көмегімен ауыл іргесіне бөгеттер соғылып, ауылға су кіріп кету қауіпін сейілту жұмыстары жүргізілуде. 

"Алайда, қазіргі уақытта су деңгейінің сағаттап көтеріліп, Ойыл бойында орналасқан ауылдық округтерге қауіп төндіруіне байланысты қол күші мен арнайы техникалар қажет" делінген мәліметте.

2 сәуірден бастап, Ойыл бойындағы  Тайсойған, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округіне қауіп төніп тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT