ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІН САҚТАМАҒАН

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Атырау қаласының тұрғыны, өзіне уақытша берілген жер телімінің жалдау мерзімін ұзарту үшін Атырау қаласы әкімдігіне жолдаған өтініміне тиісті шешім ала алмай, Департаментке жүгінді.

Заңнама талаптарына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі жер учаскесінің жалдау мерзімін он жұмыс күні ішінде ұзартуы тиіс. Алайда, бұл мерзім арыз иесінің Департаментке шағымданған уақытында 22 жұмыс күніне кешіктірілген.

Өз кезегінде, Департаменттің жедел әрекеті нәтижесінде қызмет алушыға тиісті шешім шығарылып, мемлекеттік қызметтің оң нәтижесі берілді. Осыған орай, Департаментпен қызмет көрсету мерзімін кешіктірген жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша тиісті ұсыным берілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT