ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ДЕРЕГІ 20%-ға АРТТЫ

2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты Департаментке түскен өтініштерді зерделей келе, 16 өтініш дәлелін тауып, қызмет алушылардың құқығы қалпына келтірілді.

Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға артты. Сәйкесінше, мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіріп көрсету дерегі 30%- ға азайды. Департаментпен түскен өтініштер және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 23 тексерулер жүргізілген,нәтижесінде 2 мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталды.

Бұзушылықтардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (22%) жер қатынастары саласында (15%), сәулет және қала құрылысында (6%), қауіпсіздік және қорғаныс (6%), салаларында орын алған. Тексеру нәтижелері негізінде Департамент ұсынысымен  заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, ӘҚБтК-ның 465-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты 
10 әкімшілік хаттама түзілді. Нәтижесінде 638 250 теңге көлеміндегі айыппұл мемлекет бюджетіне өндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521