ЛИВИНЬО. KAZINFORM — 15 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының сегізінші жарыс күні басталды.
Бүгін 6 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
14:00 — тау шаңғысы, алып слалом (әйелдер)
Қатысушы: Александра Скороходова.
14:30 — фристайл-могул, параллельді могул (ерлер)
Қатысушы: Павел Колмаков.
15:15 — биатлон, із кесу жарысы 12,5 шақырым (ерлер)
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов.
21:03 — конькимен жүгіру, 500 м (әйелдер)
Қатысушылар: Кристина Силаева, Арина Ильященко.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден 8-орын алды.
Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңіске жетуінің сырын осы жерден оқи аласыз



