Кульсарыда сенбілік барысында 60 текше метр қоқыс жиналды

«Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының және мердігер ұйымдардың шамамен 200 қызметкері ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасы аясындағы Дүниежүзілік тазалық күніне арналған экологиялық акцияға қатысты.

Тазалық жұмыстары Қамыскөл жағалауы бойында өтті. Нәтижесінде қатысушылар шамамен 60 текше метр қоқыс жинады — бұл бес КамАЗ және төрт «Газель» көлігіне тең. Барлық жиналған қоқыс «ЖылыойТазалық» коммуналдық кәсіпорнына тапсырылып, арнайы техникамен шығарылды.

«Теңізшевройл» әлеуметтік жауапкершілігі жоғары компания ретінде экологиялық бастамаларды әрдайым қолдайды. Бүгін Атырау мен Теңізден келген 150-ден астам қызметкеріміз Кульсары қаласына келіп, қаланы таза әрі жайлы етуге өз үлестерін қосып жатыр», — деді ТШО компаниясының ӨО/ТШ және ҚТҚ бөлімінің бас менеджері Нұртас Кенғанов.

Акцияға мердігер ұйымдардың өкілдері де белсене қатысты. Солардың бірі — Ерік Смаилов бұл шараның өзі үшін ерекше маңызға ие екенін айтты:
«Мен Кульсарыда туып-өстім. Өз туған қаламның тазалығына үлес қосу — мен үшін маңызды іс. ТШО ұжымымен бірге туған өлкемізді көркейтуге атсалысып жатқанымызға қуаныштымын», — деді ол.

Компания өкілдерінің айтуынша, экологияны қорғау — ТШО жұмысының басты бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта Теңіз кенішінде өндірістік қалдықтардың 82 пайызы қайта өңделіп, қайта қолданылады, ал пайдаланылған судың шамамен 49 пайызы тазартылады және қайта пайдаланылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT