Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық қоғам қайраткері, саяхатшы, Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бренд-амбассары Ерік Шыныбеков тізгіндеп келді.

Көшпенді Ерік Шыныбеков Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында Парижге Атырау қаласынан шығып, Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Италия және Германия елдері арқылы жүріп өткен. Осы миссиясы аясында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттап, Көшпенділер ойындарының үлгісінде көлігін безендіруді ол - өзінің отандық спортқа деген адалдығын, жанашырлығын білдіретінін айтты.  Көліктің артқы есігінде дала фонында бүркітті ұшырып тұрған бүркітші бейнеленген. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілетін күндері мен (8-13 қыркүйек) Ойындардың ресми сайты wng.kz көрсетілген. Сондай-ақ, көліктің екі жағына Ойындардың ресми логотипінің суреті салынған.

 «Менің ойымша, Еріктің ұйымдастырған акциясы оның көшпенділік болмысын бұрынғыдан да аша түседі. Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттауды ұйымдастырушылар, мемлекеттік мекемелер, спорттық ұйымдар ғана емес, Қазақстанның кез келген азаматы, спорт жанкүйерлерінің де белсене кіріскенін көрсетеді.

Біз осындай жанашырларымыздың арқасында әлемдегі ең ірі спорт және мәдениет орталықтарының бірі Парижде жаһандық көшпенділер мәдениетін таныстыру мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Бұл біздің мұрамызды әлемге жариялаудың және жанкүйерлерді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырудың тамаша мүмкіндігі», - деді Ойындар дирекциясының маркетинг жөніндегі директоры Серік Буксиков.

Париж тұрғындары мен қонақтары көлікті сыртынан тамашалап қана қоймай, Ойындар туралы көбірек білуге ​​және көшпелі халықтардың тарихы мен дәстүрімен танысуға мүмкіндік алды.

Өз кезегінде, ДКО ұйымдастыру комитеті Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына шын жүректен сәттілік тілеп, қазақстандық спортшылардың ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдіреді.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

***

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі

Назым Рысбетова

8 701 208 18 11

Айғаным Мұқатай

8 747 661 98 93

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:

Инстаграм: https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/

Twitter: https://twitter.com/Nomadgames_2024 

YouTube: https://www.youtube.com/@WorldNomadGames2024

Тик ток: https://www.tiktok.com/@worldnomadgames_kz?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1

Фейсбук: https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu

Телеграм: https://t.me/worldnomadgames2024

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521