Бұл Бөкейхан және Кудряшово ауылдық округтерінде жүріп жатыр,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Мұратбек Мұхитовтың айтуынша, құрылыс нәтижесінде Бөкейхан ауылының 1 812, Кудряшов ауылының 1 219 тұрғыны таза ауыз суымен қамтылады.
⁃ Құрылыс-монтаждау жұмыстары былтыр 13 желтоқсанда басталды. Мердігер мекеме – «Болат-Д» ЖШС. Қазіргі таңда траншеялар қазылып, полиэтилинді тұрбалар салынып, қайта көму жұмыстары жүруде. Сондай-ақ темірбетонды құдықтардың шұңқырлары қазылып, орнатылды, ал су тазарту ғимараты орналастын учаскенің жері тегістелуде. Жоспарға сәйкес, пайдалануға келер жылдың қазанында тапсырамыз,- деді М.Мұхитов.