Құрманғазыда балық өнімдерін экспорттайтын цехтар салынуда

Аудан әкімі Абат Жанғалиевтың айтуынша, республика Экология министрінің бұйрығына сәйкес, қазіргі таңда балық өнімдерін тек шикізат ретінде емес, өңдеп экспортқа шығару қолға алынуда.

-Бүгінгі таңда “Каспий-балық”, “Каспий таңы” ЖШС балық өнімдерін экспортқа өңдеп шығару цехтарын бастап салып жатыр. Кезінде Шортанбай балық зауыты деген үлкен мекеме болды. Қазір «Амангелді» өндірістік кооперативі мекемесінің иелігінде. Зауытты қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Кейін, Шортанбай зауыты балықты өңдеп сыртқа экспортқа шығаратын болады,- деді Абат Жанғалиев.

Айта кетейік, Құрманғазы ауданында балық шаруашылығымен айналысатын алты мекеме бар. Оның барлығы өздерінің көктемгі, күзгі балық аулау лимитін қолданыстағы заңдылыққа сәйкес алып, орындап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT